Бердібек Сапарбаев елордада салынып жатқан жаңа Онкологиялық орталықта болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов Елбасының тапсырмасы бойынша қалада салынып жатқан жаңа Онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдалануды тапсырған болатын. Жобаға сәйкес медициналық мекеме 6 қабаттан тұрады. Онда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін озық технологиялар пайдаланылатын болады», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпаратында.

Сондай-ақ Б. Сапарбаев пен А. Көлгінов елордалық №87 мектептің оқу жылына дайындығымен танысып, Азия елдері жазушыларының І Халықаралық форумының ашылуында жазушылардың аты берілетін аллеяға барды.