Бердібек Сапарбаев ҚПО басшылығын көпбалалы қызметкерлеріне көмектесуге шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының Бас директоры Эдвин Бломмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысындатараптар кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуы, соның ішінде шетелдікмамандарды тарту, сондай-ақ кәсіпорынның көпбалалы және аз қамтылғанқызметкерлеріне қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Бердібек Сапарбаев«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В» компаниясының әлеуметтік бағдарын жәнеелде жүзеге асырылып жатқан барлық әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуынерекше атап өтіп, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру сапасынжақсартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, ол еңбекзаңнамасын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Ведомствобасшысы компанияны көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтікқорғалуына ерекше көңіл бөле отырып, мердігерлік ұйымдардың еңбек ұжымдарындағыжағдайды бақылауды күшейтуге шақырды.

«Өздеріңізгебелгілі, бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары білікті, соның ішінде 3 және 4санаттағы мамандар даярлануда. Сондықтан Қазақстанда жоқ мамандар болмаса,бүгінгі таңда шетелдік жұмыс күшін көптеп тартудың қажеттілігі жоқ. Соныменқатар, Елбасы мен Президенттің тапсырмалары аясында қызметкерлердің еңбекақысынинфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайын арттыруға ерекше назар аудару жәнежұмысшылардың негізсіз қысқаруына жол бермеу қажет», - деп атап өтті Сапарбаев.

Эдвин Бломның мәліметінше,компанияның барлық саласы бойынша жыл сайын жалақы мониторингі жүргізіліпотырады. Осылайша, бүгінгі күні кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы БатысҚазақстан облысы бойынша орташа жалақыдан 3,3 есе жоғары.

«Кәсіпорынныңбарлық қызметкерлері үшін тең және әділ еңбек жағдайлары сақталған. Компаниябасшылығы мен қызметкерлер арасындағы тұрақты диалог мүмкіндігі ұжымдық шартнегізінде қамтамасыз етіледі. Осыған ұқсас талаптар мердігерлік ұйымдарға дақойылатынын атап өту керек. Біз олардың ішкі жағдайын, соның ішінде еңбекзаңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы үнемі бақылапотырамыз», - деді Э.Блом.

Соңғы жаңалықтар