Бердібек Сапарбаев: Оңалту құралдары мүгедектігі бар азаматтардың өмірін жеңілдетуі тиіс

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеңескежұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы,еңбек инспекциясы, мемлекеттік кіріс басқармаларының, Еңбек, әлеуметтік қорғаужәне көші-қон департаменттерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының,өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен «Атамекен»кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кеңескеқатысушылар атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтыжұмыспен қамту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелерін қарады.

«Үстіміздегіжылдың 1 сәуірінен бастап, АӘК бойынша кеңес алу үшін уәкілетті органдарға14314 адам жүгінді. Олардың барлығына толық жауаптар мен ұсыныстар берілді.Бүгінгі күні 32 670 адам тұратын 5 748 отбасына жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеатаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді», - деп хабарлады Атырау облысыәкімінің бірінші орынбасары Серик Шапкенов.

Өз кезегіндеБердібек Сапарбаев өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, бірқатарөзекті мәселелерге назар аударды.

Министрел Президентінің тапсырмасына сәйкес жергілікті жерлерде АӘК тағайындау жәнетөлеу кезінде бұзушылықтарға жол бермеуді қамтамасыз ету, учаскеліккомиссиялардың жұмысын күшейту және еңбекке жарамды жәрдемақы алушыларменәлеуметтік келісім-шарттар жасасу қажеттігін атап өтті.

Жұмыссызжәне өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуЕңбек министрі баса назар аударған маңызды мәселесінің бірі болды.

«Ағымдағыжылы жастарға, мүгедектігі бар азаматтарға, көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларға жеңілдікті микрокредиттер беру, өз бизнесін ашуға арналғангранттар, үйден әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бизнестің негіздерін оқытужәне техникалық мамандықтар талап ететін мемлекеттік қолдау шараларының аясыайтарлықтай кеңейе түсті. Президент тапсырмасына сәйкес бұл мақсатқа қосымша 50млрд теңге бөлініп отыр», - деді министр.

Сондай-ақ,кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларыталқыланды. Ведомство басшысы осы санаттағы азаматтарды сапалы және техникалықталаптарға толық сәйкес келетін техникалық оңалту құралдарымен қамтамасызетудің маңыздылығын атап өтті.

«Техникалыққұралдардың қолдануға ыңғайлы болуы мен өмірді нақты жеңілдетуі маңыздымәселе. Осыған байланысты Ақтөбеде «Әлеуметтік қызметтер порталы» пилоттықжобасын жүргізу басталды. Бұл портал мүгедектігі бар азаматтарға өз бетінше,мемлекеттік сатып алуға қатыспай, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, өзідерінекеректі техникалық оңалту құралдарын мен қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді.Жалпы алғанда, министрліктің маңызды басымдығы - мүгедектігі бар азаматтардыңқұқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады», -деді Сапарбаев.

Еліміздіңбарлық облыстарында оңалту орталықтары жұмыс істеуі тиіс. Келесі кезеңаудандарда шағын жинақты орталықтардың ашылуы болмақ, деп атап өтті министр.

Айта кетерлігі,ағымдағы жылдың мамыр айында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасызету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Олжоспарға әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтікқызметкерлердің біліктілігін арттыру сияқты шаралар кешені кіреді.

Өнеркәсіпкәсіпорындарының басшыларына қаратып айтқан сөзінде Бердібек Сапарбаевқызметкерлердің еңбек құқықтарының мүлтіксіз сақталуы, қолайлы және қауіпсізеңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жалақы бойынша берешек мәселесі менқазақстандық және шетелдік қызметкерлердің кемсітушілігіне жол бермеуқажеттігін еске салды.

Соныменқатар, Атырауға жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаев арнайы әлеуметтікқызмет көрсету орталығы мен халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысыментанысты.

Соңғы жаңалықтар