Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Б.М. Сапарбаевты ҚазақстанРеспубликасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Бердібек МашбекұлыСапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болыптағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

***

Бұған дейін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени дамукомитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасынакелісім берді. Бұл мәселе«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесітуралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды. КандидатураныҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-МинистрКеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынып, Б. Сапарбаевтың мол тәжірибесімен кәсіби біліктігін атап өтті.

ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысыныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан РеспубликасыныңПарламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан РеспубликасыКонституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарылауазымына Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

***

Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ 1953 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.

Қызылорда облысыныңЖаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. 1977 жылы АлматыХалық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау»мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолынҚызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971жылдары); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары). Институтты бітірісіменРеспубликалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы)басқармасында экономист (1977); ҚазКСР Қаржыминінде экономист, аға экономист,жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары);жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы,Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары);Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетімеңгерушісінің орынбасары (1993); Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетініңІстер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісініңорынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары) болды.

ҚазақстанРеспубликасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995); Қызылордаоблысының әкімі (1995-1999 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі(1999-2002 жылдары) қызметтерін атқарды;

ҚазақстанРеспубликасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан РеспубликасыҚаржы вице-министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006);Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан РеспубликасыПарламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007); Қазақстан РеспубликасыныңЭкономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан - 27 тамыз).2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі. 2009-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды.

«Құрмет»(1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымын 2019 жылдың ақпанынан бері атқарып келді.

Айта кетейік,осыған дейін Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылғандығын және ПарламентМәжілісінің депутаты лауазымына тағайындалғандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар