Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, бірқатар нысандарды аралады. Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсеткіштер бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыссапары барысында министр алдымен Таразқалалық жұмыспен қамту орталығындаболып, атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысына қанықты.

Сондай-ақ,Бердібек Машбекұлы «Barbershop» сұлулық салонына бас сұқты. Салон жетекшісіАида Батырбекова өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 5 миллион теңге шағын несие алып, өз кәсібінашқан. Бүгінде ол бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тұрғындарға шаш үлгілерінжасау, қырқу секілді сән әлемінің сұранысына сай қызметтер көрсетуде.Б.Сапарбаев осындай өз кәсібін ашып, тұрмысын тіктеймін деушілерге мемлекетжәне жергілікті билік тарапынан барлық қолдау жасалуы керектігін баса айтты.

«Мемлекетбасшысы алдымызға халықтың әл-ауқатын жақсарту, масылдықты болдырмау,әлеуметтік төлемдердің дұрыс тағайындалуын және еңбек жағдайларының сақталуынқамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Қазіргі уақытта атаулыәлеуметтік көмек 291 мың отбасыларға, соның ішінде 1 446 мың адамғатағайындалды. Ал, Жамбыл облысында 32,5 мың отбасы немесе 162 мың адам атаулыәлеуметтік көмек алуда. Бұл отбасылардағы 1 332 адам жұмыспен қамту шараларынақатыса алады, 1 532 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалған. Статистикағасәйкес, өңірде ең төменгі күнкөрісдеңгейінің мөлшерінен төмен 60,6 мыңдай халық бар, ал атаулы әлеуметтіккөмек 27,8 мың отбасыға тағайындалған. Кемшіліктер де жоқ емес»,- деді Б.Сапарбаев.


Облысәкімдігінде өткен басқосуда облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеровбаяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, өңірдегіатаулы әлеуметтік көмекке биыл 21,2 миллиард теңге қаралса, оның 1,2 миллиардтеңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардыңарасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардыңүлесі - 16,5 пайыз.

Сондай-ақ,облыстағы 2346 көпбалалы отбасы үй кезегінде тұр десек, осы жылдың соңынадейін оның елу пайызын тұрғын үйменқамтамасыз ету көзделген. Ол ғана емес, жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңгебөлініп, 12 жатақхана бой көтеруде. Бұлжатақханаларды осы санаттағы баспанаға мұқтаж 612 отбасы тұрғын үй кезегіжеткенше паналайтын болады.


БердібекСапарбаев әлеуметтік-еңбек саласы әрқашанда Үкіметтің назарындаекенін айтып, Мемлекет басшысы міндеттемелеріне тоқталып өтті. Министр саладағы бірқатар бағыттардағы сылбыржұмыстарды сынға алып, жауаптыларды тыңдады. Сондай-ақ, жиын қорытындысыментиісті тұлғаларға халықтың әл-ауқатын арттыру, масылдықты болдырмау, әлеуметтіктөлемдердің дұрыс тағайындалуын және еңбек жағдайларының сақталуын қамтамасызету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар