«Ел президенті көппартиялылық жағдайында өзі қатарында болатын партияға артықшылық жасамау үшін ешқандай партияға мүше болуға тиісті емес», - деп мәлімдеді Бердімұхамедов.
Бұл туралы ол сенбі күні Түрікменстан Демократиялық партиясының съезінде мәлімдеді», деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Түрікменстанның Демократиялық партиясы 1991 жылы Түрікмен КСР Коммунистік партиясын қайта құру жолымен құрылды және 20 жыл бойы елдегі бірден-бір партия болды. Он бес жыл бойы оның көшбасшысы республика президенті, Түрікмен КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Сапармұрат Ниязов болды, кейіннен ол қайтыс болғаннан кейін жаңа президент Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов алмастырды.
2012 жылғы қаңтарда Түрікменстан Парламенті «Саяси партиялар туралы» заң қабылдап, жаңа партиялар құрылуына рұқсат берді. Жарты жылдан кейін Ашғабадта Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының құрылтай съезі болып, кейіннен ол ресми тіркелді.