Жерлеу рәсімі Геннерсбери бейітінде өтеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, кәсіпкерді Ресейден тыс жерде жерлеу ұйғарылды, өйткені оның туыстары мен жақындарының көпшілігі шетелдерде тұрады.
Борис Березовский 23 наурызда Лондонның маңындағы Аскот қаласындағы өз үйінде қайтыс болды. Тергеу нұсқасы бойынша, кәсіпкер өзіне өзі қол салған. Сол сәтте үйде болған күзетшінің айтуынша, кәсіпкердің мойнында жіп арқан болған.