Қылмыстық іс ҚР ҚК 122-бабының 1-тармағы бойынша бұрынғы облыс әкімінің командасымен үлестес болған «СнабОйлСтрой» ЖШС компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты болып отыр. Оларға 2005-2009 жылдары салық төлеуден жалтарып, салық декларацияларына кірістер мен шығындар туралы жалған мәліметтер енгізіп, бюджетті 160 млн. теңгесінен қақты деген айып тағылды.
07:51, 09 Қаңтар 2014
Бергей Рысқалиевтың қылмыстық тобының үстінен тағы бір іс қозғалды
АТЫРАУ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда қаржы полициясы Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты тағы бір қылмыстық істі қозғады. Бұл туралы өңірдегі меншікті тілшіміз Виктор Сутягин хабарлады.