Берік Әбдіғалиұлы латын әліпбиі туралы: Көлденең сөз тұтас идеяға көлеңкесін түсірмеуі керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы латын әліпбиіне көшу туралы Президенттің Жарлығы шыққан 27 қазанды - Қазақстан тарихы үшін тарихи күн деп баға берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Латын әліпбиіне көшу бұл қазақ тілінің реформасы, дыбыс пен графиканың, фонетиканың сәйкес келуінің маңыздылығы. Қоғамда сан түрлі пікірталастарды туындатып отырған апострофтар немесе диаграфтар туралы ойымды келесідей білдірер едім: бұл нұсқаның қазақ тілінің спецификалық дыбыстарына қаншалықты сай келтетінін уақыт көрсете жатар. Біз жаңа әліпбиді қолдануды бастағанда ғана оның артықшылықтары мен кемшіліктерін байқаймыз. Бәлкім, әліпбиіге әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Тіл - мылқау мүсін емес, тірі әрі түрленетін ағза7 Әліпби де дәл солай», - дейді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы өзінің Фейсбук парақшасында.

Берік Әбдіғалиұлының пікіріне құлақ ассақ, жаңа әліпбиге көшу - Қазақстан үшін тарихи әрі саяси шешім.

«Жуырда әліпбиімізге енетін өзгерістердің ауқымдылығын талқылаудың орнына біз ұсақ-түйек детальдарға баса мән беріп кеттік. Біз болмашы талқыға бола идеяны жоққа шығарғымыз келеді. Бұнымыз бос әңгіме. Шегінетін жер жоқ. Әліпбиді толық енгізіп, қолданысты бастау үшін алдымызда жеті жыл бар. Пікірталастар жуық арада тыйылады. Мамандар әліпбидің әдістемесі мен ережелерін бекіту тұрғысында жұмысты бастайды», - дейді ол.

Сонымен бірге, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс органы ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (тіл саясаты бойынаш комитет) белгіленгенін еске салды.

«Жобаға қаншалықты сома керек - соншалықты бөлінетін болады. Артық та, кем де емес. Қаласақ та, қаламасақ та, жұмыстың оң нәтижесі көрінеді. Министрлікте тәжірибе мен әлеует бар. Соңғы жылдары бұл ерекше байқалып келеді», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Ол сондай-ақ, қазақ әліпбиіне латын қарпіне көшіру туралы шешім неліктен Парламенттің заңымен немесе Үкіметтің Қаулысымен емес, Президенттің Жарлығымен арқылы шыққанын түсіндіріп өтті.

«Меніңше, Президент қоғамның қандай пікірде болатынын біле отырып, осынау тарихи миссияны - қазақ әліпбиін өзгертумен бірге, өркениетті әрі құнды қадам жасау жауапкершілігін өзі көтеріп алуға бекінген секілді. 2017 жылдың 27 қазаны - Қазақстан тарихы үшін тарихи күн. Таңдау жасалды!», - деп түйді Берік Әбдіғалиұлы.