«Қазір біз бейбіт митингілерді әртүрлі күштердің пайдаланғанын нақты білеміз. Ұйымдастырушылар деструктивті және қылмыстық топтарды тартып, қаруландырып, олардың әрекеттерін үйлестірген. Тәртіпсіздіктер азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықпен, қиратумен және тонаумен қатар жүрген. Олардың мақсаты халықты қорқытып, биліктің жұмысына тосқауыл қою болған», - деді Б.Асылов.
Айта кетсек, бүгін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында қаңтар оқиғалары контекстінде қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.