Берік Камалиев ТМД мемлекеттері Үкіметаралық жолшылар кеңесінің төрағасы Анатолий Чабунинмен кездесті

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев кеше ТМД мемлекеттерінің Үкіметаралық жолшылар кеңесінің (ҮЖК) төрағасы, Ресей Федерациясы көлік министрілігінің федералды жол агенттігінің басшысы Анатолий Чабунинмен кездесті,

деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Б. Камалиев «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат бере отырып, өз ресейлік әріптесіне Ресей Федерациясы осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап беруді сұрады.

А. Чабунин «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының ресейлік территориясы арқылы өту маршрутының болжамданған нұсқалары және шамамен іске асыру мерзімі туралы баяндады.

Тараптар өз ойларымен бөлісе отырып, осы мәселені ҚР Көлік және коммуникация министрі Б. Камалиев пен РФ Көлік министрі И. Левитиннің Мәскеудегі кездесуі барысында талқылау қажеттілігін атап өтті.