Берік Оспанов «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның президенті болып тағайындалды
18:45, 03 Ақпан 2009
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Берік Оспанов «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның президенті болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Берік Серікұлы Оспанов Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінің директоры, «ҚазАгроИнновация» АҚ директорлар кеңесі Басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. Ғылым саласында 7 жылдық тәжірибесі бар. 2008 жылдың желтоқсанында ауыл шаруашылығы экономикасы тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.