Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Фото: Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған еді.