Берік Асылов 1964 жылы дүниеге келген.
1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған. 1992-2001 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары болды.
Сондай-ақ Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімін басқарды.
2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық қызметтер атқарды. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.
2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры қызметтерін атқарды.
2010 жылғы 28 шілдеде ҚР Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінде болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда оған 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылықты нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Олардың қатарында «Ерен еңбегі үшін» медалі, І және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Мінсіз қызметі үшін» медальдары және басқа да марапаттар бар.
Айта кетейік, Мусин Қарқаралы ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.