Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды
15:38, 03 Қазан 2023
Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасын басқарған Берік Жүйріктаев жаңа қызметке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жаңа қызметке ротация тәртібімен келді.
Бас прокурордың өкімімен ол Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.
45 жастағы Берік Жүйріктаев — «Тұран» университетінің түлегі.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Осы жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Облыс прокурорының міндетін атқарушы Серік Кәріпбеков керісінше оңтүстік астанаға қызметке аттанады.
Ол Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды.