Берлин дүкендерінде ет пен балықты ұрлықтан қорғайтын жапсырма пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Берлин супермаркеттерінде енді ет пен балық та ұрлықтан қорғала бастады, деп жазды Bild басылымы.

Фото: Pexels

Әдетте дүкендерде ұрлықтан қорғау косметика мен кофеге қойылатын, олар әйнек артында тұрып, сұратқан кезде ғана берілетін. Енді Берлин тұрғындары ет пен балыққа да осындай қорғаныс орнатылғанын байқаған.

Қаптамаларға «Қорғалған тауар — жылытар алдында жапсырманы алыңыз» деген жазуы бар сары жапсырмалар және құлып пиктограммасы жабыстырылған. Енді осылай белгіленетін тек кофе ғана емес, сиырдың сүбе еті, антрэкот, гуляш, балық және суши сияқты өнімдер де бар.

— Ұрлықтың алдын алу үшін біз кең таралған әдістерді қолданамыз, мысалы, жеке қорғанысы бар өнімдер. Бұл Германиядағы бөлшек саудада стандартты тәжірибе, — деді сауда желілерінің бірінің өкілі.

Өткен жылы Германияда дүкендерден ұрлықтың 400 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, жалпы шығын шамамен 3 миллиард еуроны құраған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда аз болса да, әлі де бұрынғы жылдардан жоғары. Кейбір сарапшылар күн сайын шамамен 100 мың байқалмайтын ұрлық жасалатынын болжайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Германиядағы тұрмыстық сулардан полиомиелит вирусы табылғаны хабарланған болатын.