Берлин халықаралық марафонында кениялық желаяқ Уилсон Кипсанг әлем рекордын жаңартты

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Германия астанасында өткен 40-шы Берлин халықаралық марафонында Кениялық желаяқ Уилсон Кипсанг әлем рекордын жаңартты. Ол 42 километр 195 метр қашықтықты 2 сағат 03 минут 23 секундта бағындырып, Жер шарындағы және жеңіл атлетика тарихындағы ең жүйрік спортшы атанды.

Ал әйелдер арасында үлкен марафонда кениялықФлоренс Киплагат2 сағат 21 минут 13 секунд көрсеткішпен жеңіске жетті.

Биылғы Берлин марафонына әлемнің 119 елінен 41 мыңнан астам спортшылар мен әйесқойлар қатысқан.

Әлем жұртшылығының назарын аударған желаяқтар жарысын «Еуроспорт» телеарнасы бастан-аяқ көрсетті.