Берлинде 64-інші халықаралық «Берлинале» кинофестивалі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде 64-інші халықаралық «Берлинале» кинофестивалі ашылды. Алтын және күміс «аюлар» үшін 20 картина таласатын болады, олардың үшеуін Германия ұсынып отыр.

Сондай-ақ Аргентина, Австрия, Норвегия, Испания, Қытай және АҚШ шығармалары да бар.

Марапаттау салтанаты 15 ақпанда болады. Ал 6 ақпаннан 16-сына дейін кинофестиваль бағдарламасы аясында 400-ден астам фильм көрсетіледі, деп хабарлайды РБК.