Берлинде 90 жастағы зейнеткер лотереяда 1,5 млн еуро ұтып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Әйел адам 2019 жылдан бері тұрақты түрде лотереяға қатысып келген әрі әлеуметтік лотереядағы ең үлкен жүлдені жеңіп алды, деп жазды DW.

Фото: Freepik

Бұл лотерея қоры тек жүлделерді төлеумен шектелмей, Германиядағы әлеуметтік жобаларды да қаржыландырады — зейнеткерлерге, босқындарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.

Мысалы, соңғы жылдары шамамен 70 млн еуро Германия бойынша 400 әлеуметтік жобаға бөлінген, деп хабарлайды rbb.

Неміс БАҚ-тары бұл жеңісті «сensation» деп атады — зейнеткер өзінің 90 жасқа толған туған күнінен кейін ғана ұтыстың бары туралы білді.

2025 жылғы желтоқсанда Kazinform АҚШ-та бір адамның 1,8 млрд долларлық джекпот ұтқаны туралы хабарлаған болатын.