Берлинде «Астана ЭКСПО-2017» ұсынған энерготиімді өмір салтының өзекті мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде «Энерготиімді өмір салты» дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Іс-шараның басты мақсаты - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақтың энергиясы» және оның қосалқы тақырыбы «Энерготиімді өмір салты» сараланып, энерготиімділік және өндірістік көрсеткіштерді табысты ету үшін энергияны пайдаланудағы сапаны жақсарту мәселелері талқылау болды. Өз сөздерінде қазақстандық баяндамашылар конференция тақырыбының өзектілігін ескеріп, энергия көзінің дәстүрлі бастауларының азайып бара жатқанын және қайта толығуына қабілетсіздігін тілге тиек етті. ЭКСПО-2017 энергияның жаңартылмалы және баламалы бастауларындағы адамзат табысының демонстрациясының алаңына айналмақ. Өз кезегінде неміс тарапы Қазақстанды ең ірі халықаралық іс-шараларды табысты өткізуден тәжірибе жинақтаған және аймақтағы алдыңғы қатарлы басты ел ретінде көрсеткенін атап өтті. Осыған орай ГФР ғылыми және іскер ауқымдары Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде «жасыл технология» шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға даярлықтарын білдірді. Аталмыш іс-шара барысында тараптар өзара әрекеттестіктің одан арғы қадамдарын жоспарлап, қалалық жоспарлауды («жасыл» бастамаларды) адамның тіршілік әрекетіндегі дамуының инновациялық шешімдерін, энергиотиімді әрленімін талқылады.