Бұған дейін Берлиндегі Charite және Vivantes клиникаларының желілері AstraZeneca-ны қолдануды шектегенін хабарлады.
Наурызда ЕО-ның бірнеше елі, соның ішінде Германия AstraZeneca компаниясының вакцинасын қолдануды тоқтатты, бірақ бірнеше күннен кейін Еуропаның дәрі-дәрмектер агенттігі оны қолданудың пайдасы ықтимал қауіптерден асып түседі деген қорытындыға келді. Агенттік препарат қауіпсіз және тиімді деп сендірді.
Айта кетейік, бұған дейін AstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria болып өзгергенін хабарлаған едік.