Берлинде Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

МАГДЕБУРГ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Біздің тілшімізге ҚР-ның ГФР елшілігі хабарлағанындай, сәрсенбі күні Берлинде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауының негізгі қағидаттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Пікірсайысқа қатысқан ГФР сыртқы саяси және экономикалық ведомстволарының қызметкерлері, Орта Азия бойынша жетекші неміс сарапшылары, әртүрлі неміс экономикалық бірлестіктерінің, дипкорпус және БАҚ өкілдері Елбасы Жолдауының негізгі қағидаттарымен және ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы шараларымен таныстырылды. ҚР-ның ГФР-дағы елшісі Нұрлан Оңжанов әлемдік экономиканың жаһандануы қарсаңында қаржы дағдарысын бірлесе күш сала отырып жеңуіміз керек, деп атап өтті. Ынтымақтастық нәтижесінде туындаған өзара сенім мен жауапкершілік дағдарыстан кейінгі кезеңдегі өзара іс-қимылдың халықаралық ұстанымдарының негізіне айналуы керек деді.«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Мемлекет басшысының «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласындағы қазіргі заманғы әлемдік үрдістер, жаһандық мәселелерді шешу жолдарының мүмкіндігі туралы пікірлеріне назар аударды. Талқылау барысында неміс сарапшылары Қазақстан Үкіметінің іс-қимылындағы жеделдік пен дәйектілікті атап өтті, Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту әлеуетін тиімді пайдалану үшін жағдай жасайтын және алдағы уақытта дағдарыстың әсерін жұмсартуға тиіс екі конъюктуралық топтама қабылданғандығын туралы жеткізді.