Берлинде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігі ашылды
20:19, 15 Мамыр 2009
МАГДЕБУРГ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Таяуда Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-тың («Болашақ») Германиядағы және Еуропадағы құрлықтық елдерде өкілдіктері, сондай-ақ Германиядағы қазақстандық студенттердің ІІІ форумының ресми ашылуы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Германия сыртқы істер министрлігі, Академиялық алмасу Германиялық қызметінің (DAAD) қолдауымен Қазақстанның елшілігі Берлинде ұйымдастырған шарасына Федеральдық президент кеңсесінің, Германия Бундестагының, Сыртқы істер министрлігінің және Білім және зерттеу министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы мен Еуропада оқып жатқан DAAD студенттері қатысты. Қазақстандық делегацияны ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері құрады. Шараны ашқан Германия Сыртқы істер министрлігінің ғылым және академиялық алмасу бөлімінің бастығы Бернхард Кристофер өкілдіктің міндетіне кіретін «Болашақ» қорының стипендиаттарын қолдау және басшылық жасау, екі ел университеттері арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне тоқталып, ондағы атқарылар мәселелер туралы айтып берді.Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан елшісі Нұрлан Оңжанов қатысушыларды Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігінің ашылуымен құттықтады және ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың шараға қатысушыларға арналған жолдауын оқып берді. Онда, өкілдіктің ашылуы екі елдің мемлекет басшылары ? Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорст Кёлердің тікелей бастамашылығы себеп болғандығы атап көрсетілген, өкілдікті ашудың мақсаты Германияда «Болашақ» бағдарламасы мен Еуропаның құрлықтық басқа елдеріндегі стипендиаттар санын көбейту болып отыр. Сыртқы істер мемлекеттік министрі Гернот Эрлер өз баяндамасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өкілдігінің ашылуын Германия өзі үшін үлкен мәртебе санайды деп мәлімдеді.Бундестагтағы «Германия ? Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Хеди Вегенер білім саласындағы қазақстан-германия арасындағы алмасудың өсіп келе жатқандығын терең қанағаттанғандық сезіммен жеткізді. Бұдан басқа, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақерке Абылайханның, DAAD өкілі Грегор Бергхорнның және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Аян Шалмағанбетовтің баяндамалары тыңдалды.Шара бағдарламасына «Болашақ» туралы түсірілген фильм және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Мария Мудряктың қатысуымен әзірленген музыкалық бағдарлама көрсетілді.