Көктемгі мерекеге 1 мыңға жуық қонақ қатысты, олардың ішінде Федералдық үкімет пен Бундестаг өкілдері, қоғамдық-саяси және іскерлік құрылымдар қызметкерлері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ сараптамалық және журналистік топтар болды.
Наурыз мейрамын мерекелеу ерекшеліктері туралы жарқын әңгімелеумен қатар, салтанат аясында қонақтарға халқымыздың қайталанбас өнерпаздығы мен бай мәдени мұрасын сіңірген бірегей ұлттық киімдер мен әшекейлер, тұрмыс заттары мен бұйымдар, өнегелі салт-дәстүр паш етілді.
Салатанатты шара шеңберінде дәстүрлі мерекелік концерт өткізіліп, оның аясында он елдің орындаушылары мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері талғампаз көрермендерге өздерінің өнерлерін ұсынды.
Фольклор элементтері мен ширақ орындаушылық шеберін үйлесімді сабақтастыра отырып, жас немістер қазақ ұлттық аспаптарының ұмытылмас дыбыстарын паш ете алды. Ұлы Абай шығармалары негізіндегі қазақ әуендері мен әндерінің жарқын гаммасы, сондай-ақ «Жар-жар» ұлттық үйлену салтының сахналандырылған қойылымы мерекенің шырайын аша түсті.
Қонақтарға Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясына, Астанада ЕХРО-2017 Дүниежүзілік көрменің өткізілуіне, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған материалдар топтамасы ұсынылды.
Шара БҰҰ Бас Ассамбеясының 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп атаған қарарының іске асырылуына қосылған нақты қадам болды. Аталмыш қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге халықтар арасындағы рухани келісімді, достастық пен бейбітшілікті нығайту мақсатында осы ежелгі мереке туралы ілімдерді таратуға күш салу ұсынылған болатын.
21:28, 30 Наурыз 2013
Берлинде Халықаралық Наурыз күні атап өтілді
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Берлиннің Мемлекеттік этнологиялық мұражайында Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан Елшіліктерінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы атап өтілді.