Оған қазақстандық делегацияны Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау бастап барады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәжіліс аясында тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды», деді бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.