Берлинде «Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдегі ұлтаралық келісімнің негізі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті
Орталық Азия бойынша жетекші герман сарапшылары, іскер топтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жиналған қауымға Конститцияның негізгі баптары, оның елдегі ұлтаралық келісімнің кепілі ретіндегі ролі таныстырылды. Қазақстан Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталды, республиканың біртіндеп дамуын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнаманың тұрақты жетілдіріліп отырғанын жеткізді.
Дипломатиялық миссия басшысы сондай-ақ, 1995 жылы Конституцияны әзірлеу жұмысына отандық заңгерлік ғылымның барлық әлеуеті жұмылдырылып, басқа салалас қоғамтанушы салалардың мамандары, сарапшылары тартылғанын, басқа мемлекеттердің конституциялары зерттелгенін әңгімелеп берді.
Жиынға қатысушылар сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы, тілдер мен салт-дәстүрлерді сақтау, халықтардың ұлттық қасиеттерін қолдау туралы шаралар туралы толыққанды хабардар етілді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның елімізде тұрып жатқан этникалық немістерді қолдау ісінде Германиямен белсенді ынтымақтастық орнатқанын айта кету керек.