ГФР-дегі ҚР Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде Қазақстан 25 жыл ішінде Тәуелсіздікті алу сәтінен нық экономиканы, тұрақты саяси жүйені және өркендеуші қоғамды құрғанын атап өтті, бұл мемлекетке саяси жүйенің реформалануына көшуге мүмкіндік береді. Қазақстандық дипломат конституциялық реформаны енгізу жолымен биліктің қайта бөлінуі Қазақстанның демократиялық дамуын тездетуге бағытталғанын айтты.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың келесі кезеңі болып табылатын Мемлекет басшысының қаңтардағы Жолдауының негізгі ережелеріне аса назар аударылды.
Баспасөз мәслихаты қатысушыларының жалпы пікірлерінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері бойынша Үндеу демократиялық процесті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Олардың пікірлері бойынша, аталған бастамалар өте уақтылы және мемлекеттің одан әрі экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Баспасөз мәслихатының соңында Қазақстан Елшісі 25 жылда қазақстандық-германиялық екіжақты қатынастың өзекті аспектілеріне қатысты неміс аудиториясын қызықтыратын сұрақтарға жауап берді, сонымен бірге оларды БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігі кезіндегі Қазақстанның басымдықтарын, Астанадағы «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі және өзге де маңызды халықаралық бастамалармен таныстырды.