Іс-шара Неміс халықаралық саясат және құқық одағының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Форум жұмысына қатысқан ҚР елшісі Нұрлан Оңжанов өз сөзінде жиналған қауымды Қазақстанның Ұйымға төрағалық етуінің қорытындылары мен негізгі бағыттары туралы, 2010 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің нәтижелері туралы, Астана Декларациясы туралы, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.
Пікір алмасу барысында Неміс халықаралық саясат және құқық одағының вице-президенті Манфред Шюнеман этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы Қазақстанның бірегей тәжірибесін баса атап өтті. Ол ел билігі ұстанып отырған дұрыс саясаттың арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық факторына айналып отыр деген ойын жеткізді.