Берлинде Қазақстанның Германиядағы құрметті консулдарымен кездесу өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның дамуы бойынша пікір алмасу шеңберінде және 2016 жылда бірлескен жұмыстардың бағыттары мен басымдылықтарын белгілеу мақсатында ҚР ГФР-дағы Елшілігінде қазақстандық дипломаттардың Қазақстанның Германиядағы құрметті консулдарымен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, екі ел ынтымақтастығының саяси және сауда-экономикалық өзекті бағыттары туралы хабар етті.

Өз кезегінде, құрметті консулдар Германияныңәр қалаларында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманиталық салаларда бірлескен шаралар өткізу жөніндегі нақты ұсыныстарын айтты.

Өткен іс-шара шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның елшісі Б. Нүсіпов Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін ҚР Штуттгарттағы құрметті консулы Доротея Халлер-Ляйблеге Нәзір Төреқұловтың атындағы медальді тапсырды. Д.Халлер-Ляйбле 2005 жылдан бері Баден-Вюртемберг федералдық жерінде Қазақстанның мүддесіне өкілдік етіп, 10 жыл ішінде қазақ-герман ынтымақтастығына едәуір үлес қосты.