Шпекбаев Transparency International-дың зерттеу бағдарламаларының директоры Корали Принг пен бұрынғы вице-президенті Вирджинио Куллуданды Қазақстан саясаты мен пара алумен күресті күшейтудің негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі басымдылықты жазалау шараларына емес, түсіндіру және алдын алуға, сондай-ақ, қоғамдағы «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» тамырымен жоюға негіздейді. Бұл бағытта шет мемлекеттердің тәжірибесін терең зерделеудеміз», - деді Шпекбаев.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым қызметкерлерімен кездесуге Германиядағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов және Transparency International-тің Қазақстандағы аймақтық өкілі Наталья Ковалева қатысты.