Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында Тиргартен саябағына жақын Леннештрассе көшесінің маңында болған. Куәгердің айтуынша, ақ түсті фургон жоғары жылдамдықпен адамдардың арасына кіріп кеткен. Жедел қызметтер жаппай оқиға кезіндегі жұмыс режиміне көшірілді.
Christopher Street Day — Берлиндегі прайд аясында жоспарланған барлық іс-шара мерзімінен бұрын тоқтатылды. Туннельге кіреберіс маңында орналасқан оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары тез жетті. Сондай-ақ бұл аумақта полицияның қомақты күштері жұмылдырылды.
Полиция ықтимал күдіктілерді іздестіріп жатыр. Куәгерлер ер адамның көліктен секіріп түсіп, оқиға орнынан қашып кеткенін көргендерін айтты.
Айта кетейік, Германия электросамокат жүргізушілеріне қойылатын талаптарды күшейтпек.