Ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған көне шіркеудің орнына салынбақшы. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, «Ортақ үй» идеясы мұсылмандардың да, христиандардың да, иудейлердің де сыйынған құдайлары айналып келгенде Бір Жаратушы екеніне меңзейді. «Ғимаратқа кірген адам ары қарай қай жаққа баратынын өзі таңдайды», - дейді жоба басшысы Фритьоф Тимм.
Жобаның жалпы құны 42 млн евроны құрап отыр, деп жазады muslim.kz.