Жарысқа әлемнің 38 мемлекетінен және Германияның 55 спорт клуб командасынан жалпы 455 үздік жүзуші қатысты. Аталған чемпионатта еуропалық және басқа да мемлекеттердің жузушілері өз көрсеткіштерін жақсартып, 2016 жылдың 8-17 қыркүйегі аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XV жазғы Паралимпиалық ойындарына дайындықтырын сынауға жақсы мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының намысын паралимпиалық ұлттық құрама команда сапындағы 6 жетекші спортшы қорғады.
Олар: он бір дүркін әлем рекордын жаңартушысы, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының екі дүркін қола медалінің иегері, 2011, 2013 және 2015 жылғы Бүкіләлемдік ойындарының жеңімпазы, 2016 жылдың Еуропа чемпионы Зульфия Габидуллина (Жамбыл облысы), 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Ахметов (Астана қаласы), Роман Агалаков (Оңтүстік Қазақстан облысы), Ержан Сәлімгереев (Атырау облысы), Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы) және Нурлан Байсеркеев (Жамбыл облысы).
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы төмендегі жүлделі орындарды иеленді:
Жамбыл облысының спортшысы Зульфия Габидуллина (жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев) бес (5) қашықтыққа қатысып, өзінің S3 класында 50 метрге еркін жүзуден 43,08 көрсеткішпен әлем рекордын жаңартып, бірінші орынды ұтып алды. 50 брасс жүзуінде 01:26.60 көрсеткішпен күміс медальды ұтты. Ал 100 метр еркін жүзу қашықтықта 01:37.64 көрсеткішпен Зульфия алтын осы жарыстағы екінші медальды иеленді. 200 метрге еркін жүзуде 03:27.16 көрсеткішпен чемпионаттың рекордын жаңартып, өз класында тағы да жеңімпаз атанды.
Ержан Сәлімгереев үш қашықтыққа қатысып, 50 метірлік баттерфляй жүзуінде 00:33.61 көрсеткішпен S6 класында бірінші орынды ұтып алды. Ал Роман Агалаков бес қашықтыққа қатысып, өзінің S13 класында 100 метрлік баттерфляй жүзуінде 01:01.18 көрсеткішпен - 1 орынды, 50 метрлік баттерфляйда 00:26.87 көрсеткішпен чемпионаттың рекордын жаңартып, бірінші орын алды. Сонымен қатар 200 метр кешенді жүзуінде (комплекс) 02:28.01 көрсеткішпен үшінші орынды иеленді.
Тағы бір отандасымыз Ануар Ахметов бес қашықтыққа қатысып, өзінің S12 класында 100 метр брасс жүзуінде 01:10.78 көрсеткішпен екінші орынды, 100 метр еркін жүзуде 00:58.82 көрсеткішпен екінші орынға, 50 метр еркін жүзуде 00:26.08 көрсеткішпен үшінші орынға табан тіреді. Ал 200 метр кешенді жүзуінде (комплекс) 02:30.38 көрсеткішпен тағы да үшінші орынды иеленді.
Чемпионаттың ережесіне сәйкес алдын ала жарысуында ең үздік көрсеткіштер көрсеткен спортшылар А финалға шығып 1-14 класстар арасында жарысты. Яғни, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зульфия Габидуллина үздіктер қатарынан көрініп, жалпы барлық класстар арасындағы жарыста 200 метр еркін жүзу қашықтықтың А финалында 943 ұпаймен үшінші орынды ұтып алса, 100 метр еркін жүзуде 938 ұпаймен және 50 метр еркін жүзу 1032 ұпаймен екі күміс медаль ұтып алды.
Қорытындысында, Қазақстанның құрама командасының қоржынына жеке класстар бойынша 6 алтын медаль, 3 күміс және 3 қола медаль түсті.
Ал, абсолюттік жарыста екі күміс, бір қола медаль иеленді. Бұл өте жоғары нәтиже болып табылады! Демек, Рио Паралимпидасында біздің спортшылардан жоғары нәтиже күтуге болады деген сөз.
Күнсұлтан ОТАРБАЙ