Берлинде шаруалар тракторға мініп, шеруге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметке қарсы ұйымдастырылған шараға 23 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың 100-ге жуығы тракторға мініп шыққан, деп хабарлайды 24.кз.

Наразы топ Германиядағы ауыл шаруашылығы саласын индустрияландыру науқанын тоқтатуды талап етті. Онымен қоймай шаруалар Еуропалық одақ пен АҚШ арасындағы Трансатлантикалық сауда және индустриялық келісімге де қарсылық білдірді. Олардың пайымдауынша, бұл шарт тағам өнеркәсібі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау стандарттарына қайшы.