Еске салайық, дүйсенбі күні кешке Берлин орталығында жүк көлігі рождестволық базарға жиналған қалың жұрттың арасымен жүріп өткен болатын. Салдарынан 12 адам көз жұмып, 50-ден астамы ауруханаға жеткізілді.
Германия канцлері Ангела Меркель мұны ресми түрде теракт деп таныды.
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.