Алдын ала мәліметтерге орай, ГФР полициясы «оқтардың табылуы лаңкестік әрекеттерін жасау жоспарымен байланысты болмауы тиіс, алайда фактіні түбегейлі тексеру қажет» деп мәлімдеген.
Bild порталы хабарлауынша, Берлин полициясы жексенбі күні Шарлоттенбург ауданындағы Рождество базарының маңынан оқтар партиясы табылуына байланысты дабыл қаққан болатын. Ер адам полицияға жерасты көлік тұрағынан пакеттерге салынған 7.65 калибрлі жаңа оқтарды тауып алғанын хабарлаған.
Криминалистер осы фактіні тексеріп жатыр. «Оқтардың кімге тиесілі екені әлі анықталған жоқ», - дейді полициядағылар.