Берлиндегі саябақтардың бірінде жарылыс болды

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Берлиндегі саябақта жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органының өкіліне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының журналистерге айтқанындай, оқиғадан бір адам қатты зардап шеккен. Тергеу жүріп жатыр.