Берлиндегі техникалық мұражайдан екі локомотив ұрланды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Берлиндегі Немістің техникалық мұражайынан екі локомотив пен бір вагон ұрланды,

деп жазады Лента.ру Metro газетіне сілтеме жасап.

Белгісіз азамат 27 қазанда мұражай қызметкерлеріне келіп, мекемеге уақытша берілген жәдігерлердің иесі екендігін айтады. Оның сөзіне сеніп қалған мұражай қызметкерлері кілттерді қолына ұстата салған.

Қылмыскер локомотивтер мен вагонды жергілікті теміржол үстімен айдап кетті. Ұрлық тек бірнеше күннен кейін, локомотивтерді алып кету үшін олардың нағыз иесі келгенде ғана белгілі болды.

Соңғы рет ұрланған локомотивтер мен вагонды Бранденбург қаласы маңынан көріпті. Жергілікті полицейлер осы істі ашуға көмектесе алатын куәгерлерді іздестіруде.

Әзірше бұл қылмысты қандай адам жасағаны туралы ешқандай болжам жоқ.

андағы шығысы 113 828 теңгеге теңескен.