«Берлин - кедей, бірақ сексуалды» деген анықтамасымен танымал Воверайтты көбі Ангела Меркельдің орнын басушы, болашақ Германия канцлері деп атаған. Алайда, соңғы уақытта Берлин-Бранденбург жаңа халықаралық әуежайы құрылысының ұзаққа созылуына байланысты Воверайттың атына көп сын айтылды.
Әуежай 2011 жылы ашылуы тиіс болған, алайда, әлі күнге дейін оның құрылысы біткен жоқ.