Оқыс оқиға туралы сейсенбі күні Германия астанасының әділет басқармасының мүшесі Дирк Берендт мәлім етті. Оның айтуынша, тұтқынның төртеуі тұрақты күзеті бар камерада болса, қалған бесеуі бақылау деңгейі төмен деңгейдегі орында ұсталған. Бұл абақты аса ауыр емес және қоғамға қауіп төндірмейтін қылмыс жасағандар жазасын өтейтін ашық үлгідегі түрме болған.
Қашқындардың бірі кейінен қорғаушысына еріп келіп, билікке өз еркімен берілген. Оны қадағалау барынша қатаң режімдегі түрмеге ауыстырды. Тағы бір қашқынды полиция 1 қаңтарда қолға түсірді.
Қалған жеті адамға іздеу жарияланды. Олардың көбі ұрлық, ауыр дене жарақатын салу, алаяқтық қылмыстары бойынша жазасын өтеп жатқандар. Қылмыскерлер түрме аумағынан вентиляция тесігі арқылы қашып шыққан.