Берлускони Италияның ең бай саясаткері

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони 48 миллион еуродан астам қаражатымен ең бай адамдар тізіміндегі орнын сақтады, деп хабарлады РБК.

Саясаткер және миллионердің декларациясына сілтеме жасай отырып хабарлаған РИА «Новости» Берлусконидің әл-ауқаты өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсіп, 48,180 млн. еуро құрағанын жазады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 40,897 млн. еуроны құраған болатын.  

Декларацияда көрсетілгендей, Берлускони жаңа көліктер мен кемелер, құнды қағаздар сатып алмаған.