78 жастағы саясаткер соңғы бірнеше сағаттар бойы Чезано-Босконедегі San Pietro қарттар үйінде жұмыс жасады және бұдан былай да бос уақытында қарт адамдарға күтім жасауды мойнына алды.
Берлускони өзінің иелігіндегі Mediaset медиалық коропрациясының қызметімен байланысты салықтық айла-шарғыларға айыпты деп танылды. Өткен жылы экс-премьерді салық төлеуден жалтарғаны үшін төрт жылға түрмеде отырғызуға үкім шығарылған болатын, алайда кейіннен жазалау шарасы қоғамдық жұмыстарға ауыстырылды.
Милан сотының шешіміне сәйкес Берлускони әр аптада төрт сағаттан қарттар үйінде қоғамдық жұмыстарға жегілуі тиіс болды.