Берлускони қарттар үйінде жұмыс істейтін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның экс-премьері Сильвио Берлускони сот шешіміне қол қойды. Енді ол жаза ретінде міндетті түрде қарттарға арналған орталықта қоғамдық жұмыстармен шұғылданатын болады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Бұрынғы премьердің қоғамдық жұмыстарды атқару мерзімі - 10 ай.

Егер оның жұмысынан ши шықпаса, онда алты айдан соң жазалау мерзімі 45 тәулікке дейін қысқармақ..

Тағы бір айта кетер жайт, енді саясаткер қалаған жағына өздігінен бара алмайды, сондай-ақ коменданттық сағатты бұлжытпай орындауы тиіс.