Берлускони «Миланның» 47 пайыз акциясын сатып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Миланның» президенті Сильвио Берлускони итальяндық футбол командасының 47 пайыз акциясын Тайланд бизнесмені Би Тайчауболға сатты, деп хабарлайды Football Italia.

Бұл сауда Тайланд бизнесменіне 470 миллион еуроға түсті. Бұдан бұрын Тайчауболдың 1 миллиард еуроға «Миланның» 100 пайыз акциясын сату жөніндегі ұсынысын Берлусконидың қабылдамағандығы жайлы айтылған еді.

Еске сала кетсек, Берлускони соңғы 29 жылдан бері «Миланның» президенті.