Берлускони сенаторларды сатып алғаны үшін тағы үш жыл түрмеге отырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони сенаторларды сатып алуға айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Непал соты 2007 жылы ел үкіметін тайдыру мақсатында болған жағдайды қарады.

Прокуратура Берлускониді бес жылға түрмеге отырғызуды талап етті.

Сот экс-премьер бірқатар сенаторларды өз жағына тартып, үкіметтік дағдарысқа ұшыратқанын таныды, соның нәтижесінде премьер-министр Романо Проди отставкаға кетті, ал Берлускони тағы да үкімет басына келді.

Бұдан бұрын Берлускони салықтарды төлеуден жалтарғаны және кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынастарда болғаны үшін әртүрлі баппен сотталған болатын.

Итальяндық заңнаманың қағиаларына сәйкес 78 жастағы Берлускони жазасын түрмеде өткізуге емес, үйқамақта немесе қоғамдық жұмыстарда өткеруіне құқылы, деп хабарлады Би-би-си.