деп хабарлайды Лента.ру.
Оқиғаны тексеріп жатқан италиялық полиция өкілдерінің айтуынша, Берлускониге арналған қол жүгінің ішіндегі жарылғыш заттың құрамы әзірге анықталған жоқ. Мамандар пікіріне қарағанда, Берлускони мен ГФР канцлері Ангела Меркельге жіберілген жарылғыш заттар бірдей болуы мүмкін.
Сильвио Берлускониге арналған күдікті жүк 2 қарашада кешкілік Афина рейсін орындап жүрген ұшақ бортынан табылған. Қауіпті жүк табылысымен ұшақ Италияның Болонья қаласына қонып, Берлускониге арналған жүкті полицияға табыс еткен.
Грекияның құқық қорғау органы жарылғыш заттар салынған заттарды таратудың артында жергілікті анархистер тобының мүшелері тұр, деп ойлайды. Тіпті, оқиғаға қатысы бар деген екі күдіктінің қамауға алынғаны туралы да ақпарат таратылды. Дегенмен, тергеу барысы туралы мәліметтер әзірге айтылмай отыр.