деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясына (ҚФФ) сілтеме жасап.
«Біз Б.Шторктің жұмысына қанағаттанамыз. Біздің жас құрама ойын өрнегін жетілдіріп келеді. Бұған Хорватия мен Украина құрамаларымен әлем чемпионатының ірктеу турнирінде болған ойындарды мысалға алсақ болады. Шторк мырза ұстанатын футбол философиясы заманауи ағымдарға әбден сәйкес келеді. Бұл болашақта біздің команданың дамуына ықпал етеді деп ойлаймын», дейді ҚФФ-ның вице-президенті Виктор Катков.
«Мен Қазақстанның Футбол федерациясымен әріптестігімді жалғастыратыныма қуаныштымын. Соңғы жылдары біз белгілі бір деңгейде ілгерлеуге қол жеткіздік. Қазақстан құрамасымен жұмыс, жергілікті жас футболшыларды өсіру, Қазақстан футболының дамуы, Еуропада қазақ футболы беделінің қалыптасуын бақылау мен үшін өте қызықты. Біздің әріптестігіміздің жемісті болатынына, құраманың EURO-2012 іріктеу турларында жанкүйерелерді қуантатынына сенім білдіргім келеді», дейді Бернд Шторк.