"Алға қарай айтарлықтай қадам жасалды. Бапкер ретінде меніңше, Бельгия, Германия құрамаларымен өткен кездесулер үздік ойындар болды. Мен әрине, Атқару комитетінің шешімімен келісем. 4 матчтан 3 ұпай жинау туралы салмақты міндет жүктелді. Бізге ең құрығанда 1 ұпай жинауға сәл-пәл сәттілік жетпеді. Әсіресе Австралиямен болған ойында. 2,5 жылдық қызметте құрама ойынында айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалды", - дейді Бернд Шторк. Неміс маманының айтуынша, ол бұл командамен жұмыс істегенін мақтан тұтады. Команда мүшелері мен ҚР Футбол федерациясы ұжымына да айтар алғысы өте зор. ҚР Футбол федерациясының вице-президенттері тарту еткен ұлттық шапанды киіп тұрып, "енді нағыз қазақ болдым" деген Б. Шторк таяудағы күндері Берлинге оралмақ. Бірақ Қазақстанға деген сағынышты сезімін әрдайым жүрегінде сақтайтын болады.
14:39, 15 Қазан 2010
Бернд Шторк: Қазақстан футбол федерациясынан жылы сезіммен кетіп барам
АЛМАТЫ. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық құраманың соңғы ойындарынан кейін Қазақстан футболындағы ілгерілеушілік айқындала түсті. Оны Бас бапкер Бернд Шторк бүгін Алматыда 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтардың қорытындысы туралы баспасөз мәслихатында айтты.