Siemens компаниясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Фото: Ақорда

Оның пікірінше, Siemens компаниясы Қазақстан нарығына енген 30 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіптік жобаларды табысты іске асыруға атсалысқан.

Siemens AG вице-президенті өзара мүдделі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады.

Ол компанияның электр желілерін жаңғырту, цифрландыру, автоматтандыру, сумен жабдықтау салаларында технологиялық шешімдерді ұсына алатынын, сондай-ақ деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымына қатысуға әзір екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдағанын жазған едік.