Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында брифингке қатысушылар Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экномикалық дамуы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында маңызды ұлттық бағадарламалардың жүзеге асуы және «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатымен таныстырды.
Тәуелсіз бақылаушылар және швейцариялық БАҚ өкілдеріне сайлауды өткізу себептерінің тарихы, қабылданған шешімнің конституциялық жағы туралы және сайлауалды науқанның барысы, соның ішінде халықаралық байқаушылар және БАҚ өкілдерін тіркеу ережелері туралы жан-жақты ақпарат жеткізілді.
Қазақстанның алдағы сайлауға шет ел бақылаушыларының, халықаралық ұйымдардың және шет ел БАҚ өкілдерінің қатысуын құптайтыны атап өтілді.